Қазақстан ресейлік жанармайдан бас тартуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170822141006417_small.jpg

Келер жылдан бастап Қазақстан ақшыл мұнай өнімдерін экспортқа шығаруы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары іске қосылғаннан кейін, елімізді отынның түр-түрімен қамтиды. Ал артылған өнім Орта Азия мен Ауғанстан мемлекеттеріне экспортталуы тиіс. Кәсіпорындардың бюджетіне түскен қаражат есебінен жаңғыртуға алынған қарыздар өтеледі. Ведомство басшысы Шымкент зауыты қазірдің өзінде қара алтынды өңдеуге дайын екенін атап өтті. Ал Атырау мен Павлодардағы кәсіпорындардың жарамдылығы биыл қараша айында тексеруден өтеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар министр жаңартылған нысандардың Индустрия 4.0 бағдарламасының стандарттарына сай екендігін алға тартып, зауыттағы жұмыс қоршаған ортаға еш зиян келтірмейтінін жеткізді.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында ақшыл мұнай өнімдеріне қатысты келісім бар. Құжатқа сәйкес біз оны сыртқа шығара аламаймыз. Себебі көршілес ел бізге бензин мен дизельдік отынды баж салығынсыз сатып отыр. Біздің мұнай өңдеу зауыттарымыз іске қосылғаннан кейін, бұл келісімді қайта қарастырамыз.

Сонымен қатар министр елордаға Қызылорда облысынан газ құбырын тарту жобасы әзірленгенін айтты. Оның қуаттылығы 3 миллиард текшеметрге тең. Жоба құны - 260 миллиард теңге. Оны жүзеге асыру үшін жеке инвесторлар тарту көзделіп отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи