25 жастағы қарағандылық қыздың есірткі тасымалдағаны белгілі болып, қамауға алынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі liter.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қарағандылық тұрғын Камбоджаға заңсыз түрде есірткі тасымалдағысы келген. Ол жолаушылардың сеніміне кіріп, «брилиант салынған сөмкені шетелге жеткізіңіз»,- деп есірткі салынған сөмкені берген екен. Сонымен бірге есірткі тасымалдағысы келген қыз шет тілін өте жақсы меңгерген адамды әдейі таңдап алған. Алайда оның қылмысы көп уақыт өтпей әшкере болды.
Сонымен бірге Бразилияда да екі қарағандылық қыз есірткі тасымалдаумен айналысқаны үшін өзге елге тұтқынға алынған. Оларды бразилиялық сот 7 жылға бас бостандығынан айырды.
«Келісім бойынша Иордания тұрғынына сөмкеде брилиант бар деп алдап, оған көмегі үшін 800 АҚШ долларын берген», - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Қазыбек аудандық соты заңсыз іс-әрекетке барған қызды 6 жыл 8 ай көлемінде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.