"Тымақ- төбесiнен, ел- төресiнен тозар" деген халқымыз. Аллаға сансыз шүкiр, бүгiнде қазақтың тымағы бүтiн, төресi төрiнде отыр. Осы ауызбiрлiктiң құн-қадiрiне жетпеген, сыртқы күштердiң торына қалай шырматылып жатқанынан беймағлұм, шәй басында шайнаңдап, бiр отбасын басқара алмай жүрiп, Президенттi сынап-мiнейтiндердi түсiнгiм келмейдi. Соларға бiр күн мемлекеттiк билiктi ұстатсыншы, арттары терлеп, шалбарлары суланып, қос құлақтары қызарып, сол күнi-ақ "отставкаға" кетер едi. Алайда, ауызбен егiн ормаса, ел басқару ондайлардың қолдарынан қайдан келсiн.))) Бүгiнгiдей төңiректегi текетiрестерге, геосаяси жағдайларға қарап сабақ алайық, шүкiр дейiк. Бұл қауiп бабаларды да алаңдатқан. Бiрақ, өзара бiрлiк болмағандықтан, бодандықтың қамытын киген ек. Мағжан: "Алыстан орыс, қытай-ауыр салмақ. Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Алдыңда- ор, артыңда- көр, жан-жағы жау. Дағдарған Алаш ендi қайда бармақ?" деп сол бiр беймаза кезеңдi меңзеген едi. Бүгiн де сол ахал. Сондықтан бос сөздi бұғақтап, ғайбатты қойып, ел iшiне iрiткi салмай, ерiңдi, Елбасыңды қолда, қазақ! Бiзге дәл қазiр керегi- ұлттық бiрлiк! Тұңғыш Президент күнi құтты болсын!
(Мейіржан Әлібекұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды)
Оставить комментарий