Жуырда маңғыстаулық этномәдени бірлестік мүшелерінің EXPO-2017 көрмесіне барған сапары туралы деректі фильм жарыққа шығады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп. Ұзақтығы 15 минуттық туындыда бірлігі жарасқан 120 ұлт өкілінің тұтастығы мен Маңғыстаудың Астанадағы мәдени күндері аясында өткен концерттік бағдарламаларынан үзінділер көрсетіледі.
Сондай-ақ олардың жаһандық көрме павильондарын тамашалаудан алған әсерлері, фотосуреттері мен БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттары бөлек кітап болып басылып шығады. Айта кетейік, 15 және 18 тамыз күндері елордада «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл» атты Маңғыстау облысының мәдениет күндері өткен болатын. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараларға бас-аяғы 700 өнерпаз қатысты.