Алматыда Mercedes автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

/uploads/thumbnail/20170825095534228_small.jpg

Алматы қаласы Наурызбай ауданында жол-көлік апаты орын алған. Строительная көшесінде Mercedes  автокөлігі 30-35 жас шамасындағы ер адамды қағып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Казахстан-ға сілтеме беріп.

Көлік соққысынан ер адам оқиға орнында  көз жұмды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша  марқұм сол күні мас күйде болған. Сонымен қатар осы күні әйелінің қаза болған күні екенін айтқан. Өзімен бірге құжаттары табылмаса да, тұрғындар оның жеке басын куәландырған.

Қазіргі уақытта жол полициясы оқиғаның мән жайын анықтауда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи