Алматыда 2 жастағы бала жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170825103826886_small.jpg

Алматы қаласында 2015 жылғы баланы іздестіріп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 тамыз күні Алматы қаласы ІІД Жедел басқару орталығына «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы үйден кішкентай баланың шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті.

-Жедел іздестіру тобы құрылды. Есімхан Аниздің анасы оның жоғалғанын түскі сағат 11 шамасында аңғарған. Оның айтуынша, үйдегілер ұйықтап жатқанда 2015 жылғы бала үйден шығып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Полиция көмегіне жүгінбей тұрып, өздері іздестірген. Қазір жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Баланы таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98  немесе 102

Баланың ерекше белгілері: Бойы 70-80 см, шашы қара, көзі қара. Ақ свитер мен көк аяқ киімде болған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи