Канадада құны 250 млн. доллар болатын есірткі тәркіленді (видео)

/uploads/thumbnail/20170822170122226_small.jpg

Канаданың полиция қызметкерлері құны 250 млн. доллар болатын 1062 келі есірткіні тәркіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СВС мәліметіне сүйеніп.

Полиция қызметкерлері заңсыз есірткіні Монреаль портында тәркілеген. Заңды бұзушылар есірткіні Канаданың Онтарио провинциясына апартып сатпақ болған.

Аргентинадан келген есірткі бетон күйінде қаланып, табуға қиын етіп тасымалданған.

Полиция үш күдіктіні қолға түсірді.                 

Оставить комментарий

Связанные Статьи