АҚШ-тың Әскери-әуе күштері Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы Энергетика министрлігімен бірігіп Невада штатында B61-12 ядролық бомбасын екі рет сынақтан өткізді. Бұл туралы Лента.ру-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
B61-12 ядролық бомбасының жұмысын ұзарту мақсатындағы сынақ 8 тамызда өткен. Тестілеу кезінде бомбаның ядролық қарудан бөлек мүмкіндіктері мен ұшақтың қаруды жеткізу мәселелері сыналған.
Аталған бомбаны ағашқы сынақтан өткізу наурыз айында өткен болатын. B61 бомбасын модернизациялау үшін жалпы көлемі 9,5 миллиард АҚШ доллары жұмсалмақ.
Оставить комментарий