Ернар Айдар үйленгенін жасырды ма? (фото)

/uploads/thumbnail/20170829124720046_small.jpg

Тыңдарманын әсем әнімен тербетіп жүрген Ернар Айдардың үйлену тойының суреттері әлеуметтік желіде тарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің инстаграм парақшасында тойдан үзінді суреттер жариялады. Ернар Айдардың парақшасын белгілеген суретте "Ернар - Мадина" деп жазылып тұр.

Роза Каденова өзінің инстаграм парақшасында: "Кешегі кештің, тойдың басты кейіпкері – Ернар Айдар болды. Той тамаша өтті" деп жазды. 

Бір күн бұрын желіде Ернар Айдардың қалыңдығын ұзатып алып бара жатқан суреті тараған болатын.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ернар Айдардың Инстаграм парақшасында көрсетілген нөмірге хабарластық. Айгерім есімді әкімші қыз «Бұл жайында ешқандай ақпарат бере алмаймыз», – деп жауап берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи