Семейде 19 жастағы қыз жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170829125201526_small.jpg

Анастасия Семенова осыдан тоғыз күн бұрын үйінен шығып, қайтып оралмаған. Қызды іздестіру шараларына еріктілер де қосылған деп жазады  YK-news.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

20 тамыз күні Анастасия анасына хабарласып, құрбысының үйіне қонаққа бара жатқанын айтқан. Алайда таңертең ол үйіне қайтып келмеген. Белгілі болғандай, Анастасия құрбысының үйіне бармаған. Семейлік қыздың қазіргі уақытта қайда екені белігісіз.

Қыздың үстінде қара түсті киім мен қара рюкзак болған. Бойы – 160-165 см.

Анастасия Семенованы көрген-білгендер үшін қандай да бір ақпарат беру үшін мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8-777-477-24-41, 8-747-349-57-17.

Оставить комментарий

Связанные Статьи