ҚР СІМ қазақстандықтардың Бразилияда ұсталуына қатысты ақпарат берді

/uploads/thumbnail/20170829132024949_small.jpg

ҚР ІІМ қазақстандықтардың Бразилияда ұсталуына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мемлекеттік тіл мен ақпарат департаментінің директоры хабарлағандай, 2017 жылдың ақпанында ведомствоға Бразилияның Сан-Паулу қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның әрқайсысынан 2 келіден есірткі табылған.

«Есірткі тасымалына басқа да Қазақстанның азаматтарының қатысы бар-жоғын анықтау үшін ҚР ІІМ ҚР СІМ-мен бірлесіп АҚШ-тың есірткімен күрес Басқармасының қолдауымен ТМД елдері мен Латын Америкасында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, Концевич Евгения Александровна есімді Қазақстан азаматы ұсталды. Ол С.Миневская мен К.Черникованы есімді Қазақстан азаматтарын алмас бұйымдарын тасымалдайсыңдар деп алдап, Бразилияға жіберген. Сол жерде олар ұсталды», – деді Садубаев.

Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында Евгения Концевичтің Миневская мен Черникованы алдағаны дәлелденді. Сол үшін ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Осы жағдайдан кейін Сан-Паулу қаласының соты Миневскаяны ақтады.

Садубаевтың сөзінше, ҚР СІМ Черниковаға қатысты да сот шешіміне шағым түсіретінін айтты. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи