АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас бір қалыпқа келеді деп сенеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа нововсти сайтына сілтеме жасай отырып.
«Ресеймен қарым-қатынасымыз жақсарады деп үміттенемін. Мен мұны жылдар бойы айтып келемін. Егер Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, өте керемет болар еді. Болашақта екі ел арасы жақсарады деген үміттемін, себебі бұл өте маңызды», – деді Трамп Финляндия президенті Саули Нийнистемен болған пресс-конференцияда.
«Ресей – өте үлкен мемлекет. Бұл мемлекетпен біз жақсы қарым-қатынас орнатуымыз керек, түбінде бұған да жетеміз деп ойлаймын. Бүкіл әлем үшін бұл құбылыстың мәні зор әрі әлемде соғысты тоқтату үшін осылай болғаны дұрыс», – деп қоса айтып өтті.
Айта кетер болсақ, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары тым нашарлап кетті. Оған 2016 жылдың желтоқсан айында әкімшіліктің Барак Обаманың Ресейге қарсы санкциялар пакетін қабылдағаны және де АҚШ-тағы сайлауға Ресей хакерлерінің араласуы себеп болды. Сонымен қатар, АҚШ екі тұрғын үй кешеніне кіруге тыйым салды – Нью-Йорктегі қала сыртында орналасқан Ресейдің коттедждері мен Вашингтондағы Ресей елшілігі. Вашингтондағы Ресей елшілігі – дипломатиялық жекеменшік болып табылады.
Бұған жауап ретінде Мәскеуде АҚШ дипмиссия құрамын Ресейде 755 адамға дейін қысқарту жайында билік үкім шығарды. Осылай АҚШ елшілігінде жұмыс істейтін адамдардың санын АҚШ дипмиссиясында қызмет ететіндердің санымен теңестірді.
Осыдан кейін АҚШ бүкіл Ресейдегі барлық ниммигранттарға 1 қыркүйекке дейін виза беру тоқтатылғандығын хабарлады.
Оставить комментарий