Жаңа ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170829150227188_small.jpg

ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Аймағамбетов Эльмира Суханбердиеваның уақытша демалысқа кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметіне уақытша тағайындалды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары – Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін – Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.  

2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи