А.Қ.Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын», – делінген хабарламада.
Асқар Жұмағалиев
1996 жылдан – «Жарық» ЖШС директоры.
1998 жылдан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі РЧС жоспарлау секторының меңгерушісі.
1999 жылдан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.
2000 жылдан – «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы (ТТБ-орталығы)» РМК-да жұмыс істеген.
2001 жылдан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары.
2003 жылдан – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары,
2005 жылдан – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары,
2006 жылдың қаңтарынан – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.
2006 жылдың қазанынан – «Қазақтелеком» АҚ президенті,
2010 жылдың наурызынан – ҚР Байланыс және ақпарат министрі.
2015 жылдың 6 мамырынан – «ҚазАтомӨнеркәсіптің» төрағасы.
Оставить комментарий