Сингапур президенті Тони Тан 6 жыл билік басында отырғаннан кейін өз өкілеттігінен бас тартты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС мәліметіне сүйене отырып.
Жаңа президент сайлауы 23 қыркүйекте өтеді, сайлауға үш үміткер қатысады екен.
77 жастағы саясаткер бірнеше үміткерлердің қатысуымен 2011 жылы болған сайлауда жеңіп шығып, Сингапур тарихындағы жетінші президент атанған. Бұған дейін дауыс беру шартсыз негізде өтіп жүрген болатын. Тони Тан вице-премьер, Қорғаныс министрі, Мемлекеттік инвестициялық компания басшысы қызметтерін атқарған.
Елдің конституциялық заңына сәйкес, президент билігі шектеліп, елді басқару ісімен премьер-министр айналысуда.