Ақтауда әскери қызметкер суға батып көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170831103402216_small.jpg

Қайғылы оқиға 30 тамыз күні Ақтау қаласының 4А ықшамауданында Каспий жағалауында орын алған  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лада.kz-ке сілтеме беріп. 

Куәгерлердің айтуы бойынша, құтқарушылар солдаттың денесін судан шығарған. Жас жігіт теңіз жағалауында жолдастарымен бірге демалып жүрген. Белгілі болғандай, марқұмның денесі жағалаудан 3 метр қашықтықта тастарға ілініп қалған.

Оқиға орнына бірден келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері әскери қызметкердің көз жұмғанын айтқан. Полиция мәліметінше, 1994 жылы туылған жас жігіт 6656 әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет өтеп жүрген екен. Қазіргі уақытта сот медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Связанные Статьи