Елбасы Қырғызстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

/uploads/thumbnail/20170721095119452_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен халқын Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан порталына сілтеме жасап.

«Қырғызстан қысқа тарихи мерзім ішінде қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналды. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығайып, халықтар игілігі үшін дамитынынан нық сенімдімін», – деді Елбасы құттықтауында.

Сонымен қоса, мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевқа зор денсаулық, жауапты қызметінде жетістік және қырғыз халқының бейбітшілігі мен амандығын тіледі. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи