Иван Скальфаротто: Қазақстан мен Италия Орта Азия аймағына жол ашатын қақпа

/uploads/thumbnail/20170905093506124_small.jpg

Италия Үкіметі ЭКСПО Көрмесіне таңдалған тақырыптың мазмұны үшін  Қазақстанға ықыласын білдірді. Миландағы көрмеде  Қазақстан павильоны ең әдемі павильондардың бірі болды. Бұл Көрме - Азиялық ел ұйымдастастырған төртінші және ортаазиялық ел ұйымдастырған алғашқы ЭКСПО көрмесі. Бұл туралы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Италия Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу барысында Италияның Экономикалық даму министрінің орынбасары Иван Скальфаротто мәлімдеді. Министр орынбасарының айтуынша Милан ЭКСПО-2015 және Астана ЭКСПО-2017 көрмелеренің тақырыбы арасында өзара байланыс бар және екі көрме де жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

«Қазақстанды болашаққа арналған осындай қызықты көрмені ұйымдастыруымен құттықтаймын. Көрме елдеріміздің экономикасына ғана емес, сондай-ақ әлемнің тұрақты дамуына да өзіндік ықпал етеді. ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік шараға сеніммен қатысуға шешім қабылдаған Қазақстанның және оның халқының әлеуетін жіті қарастырып, жаһандық даму саласында жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Иван Скальфаротто.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұлов Италияның Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын, Қазақстанның еуропалық елдер арасында белсенді экономикалық серіктесі екендігін атап өтті. Елдегі ірі итальяндық компаниялардың бар болуы және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы оған айқын дәлел екенін тілге тиек етті..

 «Қазақстан және Италия арасындағы екі жақты қатынас тұрақтылық пен өзара түсінушілікпен сипаталады. Екі ел қазақстандық-итальяндық қатынасты жаңа деңгейге көтерген стратегиялық серіктестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Мемлекеттеріміз арасында серіктестік қатынасты нығайта түсірген өндірістік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу бойынша қазақстандық-итальяндық үкіметаралық жұмыс топтары жемісті жұмыс атқарды. Осылай Қазақстан мен Италия тауар айналым көлемі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 млрд.798,5 млн. долларды құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39% артты(3 млрд.448,9млн долл. США)», - деді Вице-министр.

Шараның ресми бөлімінен кейін, қонақтар Италия мәдениетін тамашалауға мүмкіндік алды. Сахнада итальяндық танымал кернейшілердің бірі Нелло Сальца өнер көрсетті. Атақты музыкант «Керемет өмір», «Сегізаяқ», «Бір күні Америкада», «Стендаль синдромы», «1+1» сияқты түрлі фильмдерге жүздеген өлеңдер жазған.

Соңғы жылдары Италия жаңартылатын энергия көздері саласында оң нәтижелерге қол жеткізді. Италия Үкіметі Республика өндірісін ел ішінде және шет елдегі баламалы энергия нарығында кеңейтуді жоспарлауда. Ел «Энергетикалық жобаны» жүзеге асыруға кірісті. Аталған жобаға сәйкес Калабрия, Камери, Кампания, Ломбардия, Пулья, Пьемонте, Чирие қалалары мен Сицилия аралында 25 жел, фотогальваникалық және геотермалды әзірлемелерінің құрылысы басталды.

Итальяндық павильон ЭКСПО-2017 көрмесінің ірі павильондарының бірі болып табылады және Көрмеге келушілерді Италиядағы энергия өндірісінің соғыстан кейінгі кезеңінен, CO2 шығарылымдарының көлемін азайту, энергия тиімділігін көтеру және баламалы энергияны дамыту бойынша соңғы технологияларға дейінгі тарихы және эволюциясымен таныстырады.

Связанные Статьи