2017 жылғы 3 қыркүйекте Корей Халық-Демократиялық Республикасының Үкіметі сутек бомбасына сынақ өткізгені туралы хабарлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай оырып.
Осы орайда, Қазақстан КХДР-дың бұл әрекеттері мүлде қолайсыз екенін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын өрескел бұзатынын атап өтіп, осы сынақты батыл түрде айыптайтындығы туралы мәлімдейді.
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға Жапониямен бірлесіп тең төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың бұл іс-әрекеттері дүниежүзілік қауымдастықтың ядролық қаруды жою мен оны таратпау тәртібін күшейтуге ұмтылған күш-жігеріне, сонымен қатар бүкіл әлем мен Корей түбегіне және жалпы сол өңірге ауыр қауіп төндіріп отыр деп есептейді.
Қазақстан әлемде ядролық сынақтарға толық тыйым салынуын қолдай отыра, Солтүстік Кореяны ядролық шамданушылықтан бас тартуға және ядролық проблема бойынша көпжақты келіссөздерге дереу қайта оралуына шақырады.