Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді

/uploads/thumbnail/20170905101749856_small.jpg

10-11 қыркүйекте Астанада алғаш рет Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ресми делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорданың бірқатар көлік магистралінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады.

Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік ел көшесі, Қонаев көшесі, Достық көшесі, Тұран даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Абай даңғылы, Кенесары көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы, Ұлы дала көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Қалалық көшелердің жүктемесін ескере келе және қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, ИЫҰ саммитін ұйымдастыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Мемлекет басшысы бұны 2016 жылдың сәуір айында Ыстамбұлда өткен ИЫҰ XIII Саммитінде айтқан болатын.

Астаналық ИЫҰ саммитіне барлық мемлекеттер-ИЫҰ мүшелері, атап айтқанда 35 ел, бақылаушы-мемлекеттер және бірқатар басқа халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері шақырылды.

10 қыркүйекте саммиттің қатысушылары Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатына қатысады деп күтілуде.

Связанные Статьи