Биылғы қажылық маусымы да аяқталып, Сауд Арабиясы корольдігі бірқатар мәліметтерді жария етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Деректерге сүйенсек, биылғы жылы 2 миллионға жуық мұсылман қажылық парызын өтеген. Сондай-ақ, қажылық маусымы кезінде 39 жанның көз жұмғаны да белгілі болып отыр. Алла Тағаланың жазуымен қасиетті мекенде дәм-тұзы таусылған жандардың көпшілігі жасы жеткен егде адамдар екені анықталған. Бұған қоса, жергілікті дәрігерлердің анықтамасы бойынша, «созылмалы ауруларының асқынып кетуі» де себеп болған.
Белгілі болғандай, қайтыс болған қажылардың ішінде Алжир мен Мысыр елінің азаматтары көп көрінеді.