Екібастұзда 22 адам тілсіз жаудан құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170905141519876_small.jpg

Екібастұзда бірінші қабатта бір бөлмелі пәтерде лифт қызметінің №173 кезекшілік бөлімінде өрт шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйеніп.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, қызыл жалын жиһаз бен терезе жақтауын шарпып, 15 шаршы метр аумақ жанған.

- Тілсіз жауды ауыздықтауға бір техника мен екі звено жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жетінші қабаттан баспалдақ арқылы 22 адамды сыртқа шығарды. Оның 12-сі ересектер болса, оны – балалар. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың барлығы аман. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - делінді департаментте.

Диспетчерлік қызмет «Екібастұз лифт» ЖШС-не тиесілі. Өрт сағат 21.19-да ауыздықталып, сағат 21.28-де толығымен сөндірілген.

Связанные Статьи