Бас қаланың басты радиосы 4 қыркүйек сағат 20:00-де «Астана EXPO 2017» алаңындағы амфитеатрда «Astana FM ON AIR» атты музыкалық фестивалін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана FM радиосына сілтеме жасап.
Музыкалық кеште Қайрат Баекенов және "Формат" тобы, Ерлан Көкеев және "К7" тобы, Бауыржан Исаев, Маржан Арапбаева, Құрмаш Маханов, Дос, "Ағайынды Жүгінісовтер" және басқа да еліміздің танымал орындаушылары жанды дауыста ән шырқап, өнер көрсетті.
Сонымен қатар, танымал DJ Фара, Puza, Жанель Мұратова мен DJ Ruin, Роман Шукшин музыкалық кештің көркін ашып, Астана жұлдыздарының қатысуымен өткен «Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалінде біршама ел көңіл көтеріп қайтты.




