ҚР Ішкі істер министрі: Үндістандық жұмысшылар елден шығарылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170905153300083_small.jpg

Үндістандық 40 азамат еліміздің аумағынан шығарылуы мүмкін. Мұндай шешімді сот қабылдауы тиіс. Бұл туралы Ішкі істер министрі мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.Kz мәліметіне сүйеніп.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, «Әбу Даби Плаза» кешеніндегі жанжалға айыптылардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар. Кикілжіңге қатысы бар 56 адам полиция учаскесіне жеткізілген. Құқық қорғаушылар көпшілігімен әңгімелесіп, сосын үйлеріне жіберген.

Қалмұханбет Қасымовтың мәліметінше, сол жағалаудағы жанжалға Үндістан азаматтарының қауіпсіздік ережелерін бұзуы түрткі болған. Шетел азаматтары тәртіпке бағынбай, арнайы құрылғы арқылы өтуден бас тартқан. Жанжалдан күзет қызметкері зардап шеккен.

"Жанжал шамамен 19:33 минутта басталған. Күзетшілер бұл туралы полицияға 20:05-те хабарлаған. Көшеде тағы екі Үндістан азаматын ұрып-соққанын білдік. Бұл шамамен 20:10 мен 20:20 аралығында. Оларды ғимаратттың ішінен тауып алдық. Сосын ауруханаға жеткізілді. Кейін сол маңайға адамдар жинала бастады. Олар тезірек мән-жайды анықтауды сұрады. Оларды бірден жауапкершілікке тартуға болар еді. Бірақ біз олардың ісін прокуратураға тапсырдық. Тұрғындардың бұлайша шоғырланбауын өтінген сайын олардың қатары көбейе берді. Сондықтан 56 адамды полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді. Өрескел тәртіп бұзған 8 адамға қатысты хаттама толтырылып, сотқа жолданды. 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды" деді Қасымов.

Связанные Статьи