Өзбекстан сомы екі есеге арзандады

/uploads/thumbnail/20170906084132448_small.jpg

Өзбекстан сомының долларға шаққандағы құны бір тәулікте екі есеге арзандады деп жазады 24.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осылайша бірер күн бұрын ғана 1 долларды 4 мың 210 сомға сатып алып жүрген өзбектер енді 8 мың150 сомға саудалайды. Сондай-ақ бүгіннен бастап бұл елдегі жеке және заңды тұлғалар нарықтағы бағамен шектеусіз сомада айырбастауға құқылы. Мұндай жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.

Құжатта ұлттық валютаның құнын анықтауда тек қана нарықтық механизмдер пайдаланылатыны ескертілген. Биліктің айтуынша, валюта айналымын реттеу жүйесі жақсы нәтиже көрсетпеді және инвестиция тартуда тежеуші фактор болды.


Связанные Статьи