Алматыда із-түссіз жоғалған 18 жастағы қыздың денесі табылды

/uploads/thumbnail/20170906140639389_small.jpg

Алматыда табылған мәйіт осыдан бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріптің денесі болуы мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Назеркенің жақын туыстары хабарлаған. Олардың айтуынша, бүгін жерлеу рәсімі өтіп жатыр.

Алматы ІІД хабарлауынша, қыздың денесі сараптамаға жіберілген. «Сараптаманың толық нәтижесі шықпай тұрып, іздеуді тоқтатып қоюға әлі ерте. Біз нәтижесін күтіп отырмыз», - деді Алматы ІІД арнайы өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне.

Еске салсақ, Әріп Назерке Дарханқызы 10 шілде күні сағат 13.40-та Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта келмеген.

Биыл бойжеткен мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Әрі медицина маманы болуды армандаған.

Связанные Статьи