Мұнайдың әлемдік бағасы түсіп жатыр

/uploads/thumbnail/20170814130201618_small.jpg

Лондон мен Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауданың мәліметтері бойынша мұнайдың әлемдік бағасы түсіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ukraina.ru-ға сілтеме беріп.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI  маркалы жеңіл мұнайдың бағасы 0,21%-ға төмендеп, 1 баррельге $48,56  құраған.

Лондон биржасында ICE Futures фьючерсі  Brent маркалы мұнайының бағасы қараша  айында 0,39%-ға түсіп, 1 баррель үшін $53,17 болды.

АҚШ жағалауына қауіп төндіріп тұрған «Ирма» дауылының салдарынан мұнай нарығында 5 қыркүйектен бастап баға белгілеу көрсеткіші күрт өсіп кеткен.

Связанные Статьи