ОҚО-да есірткі сатумен айналысқан 2 адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170906155717376_small.jpg
Шымкенттегі Ворошиловка ауылы есірткі бизнесінің ордасына айналған. Полицейлер осы ауылды тексеру барысында есірткінің ауыр түрі – героин сатушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан-Шымкент телеарнасына сілтеме беріп.
 
Пакетке салынған 8 грамм ақ ұнтақ пен айғақты зат ретіндегі қомақты қаржы үй иелерінің көрпе-төсектері ішінен табылды.
 
Шымкент қаласы Ворошиловка елді мекенінде 1986 ж туылған Г.есімді азаматшасы есірткі затын сатты деген күдікпен үйін тексергенде 4 полиэтилен пакетпен есірткіге ұқсас зат тәркіленді. Сот сараптамасы нәтижесінде 4 грамм жуық заттың есірткі заты героин екені анықталды. Сонымен қатар сол үйде Ұсталған Р есімді азаматтың қалтасын тексергенде де 4 грамм героин табылды.
 
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстың кодексінің 296 және 297 баптары бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Связанные Статьи