ЕО билігі Солтүстік Кореяға қарсы жеке шектеу шараларын дайындау үстінде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини мәлім етті.
«Бүгін мен ЕО-ның жеке санкциялырын күшейту аясында министрлердің жұмыс істеуін сұраймын», - деп келтірді AFP агенттігі Могеринидің сөзін.
3 қыркүйекте Пхеньян жаңа сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлаған. Бомба континентаралық баллистикалық зымыранға арналған оқтық ретінде пайдаланылуы мүмкін. КХДР-дың кезекті сынағы халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Сол күні-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және Жапония елдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады.
АҚШ КХДР-ға қарсы санкциялық режимді күшейтуді, БҰҰ-ның тиісті шешім қабылдауын талап етті.
Ресей өз кезегінде санкциялар режимін қатайту Солтүстік Корея басшылығының ағымдық бағытына еш әсерін тигізбейтінін мәлімдеген.