Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
"Түнде 8 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, 8-9 қыркүйекте Павлодар, 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі", - деп хабарлалды мамандар.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметіне сәйкес, 8 қыркүйекте түнде Астанада да 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.