Ирак соты Ресей азаматын ДАИШ экстремистік тобына қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Ресей тумасы 12 қыркүйекте Мосул қаласындағы операция барысында тұтқындалды.
Ирак билігінің мәлімдеуінше, есімі аталмаған ер адам 2015 жылдан бері билік күшіне қарсы күресіп келген, сондай-ақ өлім жазасын кесілген алғашқы Ресейден шыққан жауынгер.
France-Presse ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 28 жастағы сотталушы Мәскеуде жүріп ислам дінін қабылдаған. Ираккқа келгенде өзін Әбу Ясмина әл-Руси деп атады.
Мосулды азат ету операциясы барысында ДАИШ-тың 100-ге жуық жауынгері ұсталды. Бұдан бөлек, Ирак билігі бүгінде 1400-ге жуық шетелдік әйелдер мен балаларды ұстап отыр.
Оставить комментарий