Түркістанда мешіт тонамақ болған баукеспе қылмыс үстінде қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170913171336984_small.jpg

Түркістан мешітін тонамақ болған адам қылмыс жасау кезінде ұсталды. Ол осы құлшылық орнынан бұған дейін 10 мың теңге мен тұрмыстық затты ұрлап кеткені белгілі болды. Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала прокурорының сөзінше, мешіттен ұсталған ұры тек құлшылық орындарын тонауды кәсіп етіп жүрген. Әрі бұған дейін де Түлкібас ауданының мешітін тонап, сотты болыпты. Ал Түркістандағы мешітті тонағаны туралы өз жауабында мойындаған.

«Тек мешіттерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен 30 жас шамасындағы бұл азамат кеше кешкісін келесі бір мешітке ұрлыққа түсу кезінде құрықталды. Бұл адамға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - дейді Руслан Әбдірайымов.

Прокурордың айтуынша осы күні полицейлер қала көшелерінде тұрғындарды ашық тонап жүрген тағы бір күдіктіні қолға түсірген.

«Екінші оқиға бойынша 2 азамат күш қолдану арқылы 25 жас шамасындағы келіншекті шалып құлатып, ұялы телефонын тартып алып қашқан. Дер кезінде полицияға xабарлаудың нәтижесінде, тонаушылардың бірі ұсталды. Күдікті қамауға алынды, екіншісі іздестірілуде», - дейді Руслан Әбдірайымов.

Связанные Статьи