Мәскеу басшылығы Астанаға ресми іс-сапармен келеді

/uploads/thumbnail/20170913171157194_small.jpg

2017 жылдың 14-17 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласы Үкіметінің делегациясы Астанаға келеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп хабарлайды. 

Делегация құрамына көтерме азық-түліктік кешен ұйымының өкілдері, сауда саласында ірі желілік компания өкілдері, «Мәскеулік жәрмеңкелер» МБМ, Ресей және өзге қызығушылық танытқан ұйымдардың әкімшілік кеңесінің өкілдері кірді.

Бұл сапардың негізгі мақсаты –  ҚР өңірлері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту  және нығайт, оған қоса Мәскеуге ҚР тауар өндірушілерінің  ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыру болып табылады. 

Связанные Статьи