Елбасы Өзбекстан мен Түркіменстанға ресми іс-сапармен барады

/uploads/thumbnail/20170810154318260_small.jpg

Қазақстан Президенті 2017 жылғы 16 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Ташкентте Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізеді. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытудың жолдары талқыланады. Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 17 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түрікменстанға барады. Сапар аясында Қазақстан Президенті Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарына қатысады.

Связанные Статьи