Қазақ билігіндегі атқа мінерлердің рейтингі жасалды

/uploads/thumbnail/20170913222327679_small.jpg

Құрметті оқырмандар!  «Сол жағалау» ақпараттық-сараптамалық тобы құрылғаның хабарлаймыз!

«Сол жағалау» ақпараттық-сараптамалық тобы тұрақты түрде мемлекетіміздің ішкі-сыртқы саясатын, ақпараттық, саяси-идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын бақылап, мониторинг жүргізумен, рейтингтік өлшемдер жасап, сараптама материалдарын дайындайды. Тығыз әріптестік аясында Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Сол жағалау» аналитикасын тұрақты түрде жариялап отырады.

«Сол жағалау» ақпараттық-сараптамалық тобының алғашқы рейтингітік өлшемі маусым, шілде, тамыз айларын қамтиды. Бұл рейтінгтік өлшемде Қазақстанның мемлекеттік биліктегі саяси тұлғаларының ішкі саясаттағы ықпалдылығын, нәтижелігін, олардын жұмысына сарапшылар мен журналистердін беретін бағалары көрсетіледі.

Алғашқы бестікті  жақында ғана Президент өкімімен өкілеттілігі 2022 жылға дейін созылған, Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков бастап тұр. Жақсыбеков Қазақстанның басты саяси штабы - Президент әкімшілігінің жетекшісі ретінде ең ықпалды саяси қайраткер болып табылады. Рухани жаңғырту бойынша бағдарламаны іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияны Әділбек Жақсыбеков басқарып бағдарламаны іске асыруға жауап беру арқылы, оның ықпалдылығын одан әрі арттырды және комиссияның жүйелі жұмысы мен нәтижелігіне сарапшылар мен журналистер жақсы бағасын беріп жатқаны белгілі.

 Екінші орында Президент әкімшілігінің басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин. Тәжин мырза қандай қызметті атқармасын, ол ешқашан ең ықпалды тұлға, саяси қайраткер статусынан айрылған емес және айрылуы мүмкін емес. Себебі Тәжин Қазақстанның сұр кардиналы әрі басты саяси технологы. Оның әккі қызметі мен мінсіз жұмысына ешкімнің күмәні болмаса керек.

Үшінші орныда премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Жақында ғана Президент Назарбаев қысқа мерзімді демалыстан оралып, жаңа саяси маусымды ашылуын Премьер-министр Сағынтаевты қабылдаумен бастап, Сағынтаев үкіметінің белсенді жұмысына баға беріп, Сағынтаевтың министлер кабинеті  алдында жаңа міндеттер қойған болатын. Сағынтаев өзінің тұрақты іскерлігі мен үкіметтің жұмысын мейлінше ашық жүргізуі оның ықпалдылығының өскенің көрсетіп тұр.

Төртінші орында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Тоқаев мырза атқаратын қызметіне сәйкес Конституция бойынша мемлекеттік биліктегі екінші адам болып табылады, тек осы факт қана оның ықпалдылығын айқындауға жеткілікті. Бірақ Тоқаевтың дипломатилық өнері, тұлғалық қасиеттері оның сөздерінің өтімді болуына, демек ықпалдылығын артуына айтарлықтай үлес қосады. Жыл басында орын алаған Конституциялық реформалар кейін заң шығарушы билік күшейіп, бірқатар функацияларды иленді, бұл оқиға да Тоқаевтың саяси салмағын арттыра түсті.

Бесінші орында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Нығматулиннің саяси-аппараттық жұмыс әдісі, жоғарғы денгейдегі ұйымдастырушылық қабілеттері, және Конституция бойынша мемлекеттік биліктегі үшінші адам ретінде де, Конституциялық реформалардан сон қалыптасқан жағдай да Нығматулин мыразның саяси ықпалын кеңейте түсті. Жаңа саяси маусымның дәстүрлі ашылуы парламент қабырғасында өтетіні екі спикердін де мүмкіндіктерін ұлғайта түседі.

 Алтыншы орында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин. Мамин атқарған қызметінің барлығы дерлік, менеджерлік пен шаруашылық саласымен тікелей байланысты болғандықтан, қазіргі үкімет жұмысында оның тәжірибесі молынан пайдаланылуда. Асқар Маминнің іскерлік қасиеттері алдағу уақытта дағдарысқа қарсы жобалардын жүзеге асуына өз нәтижелі септігін тигізеді.

Жетінші орында Президент Кеңсесін басшысы Махмұд Қасымбеков. Махмұд Базарқұлұлы үздіксіз Президент Кеңсесін басқарып келеді. Қасымбековтың аппраттық жұмысы ең жауапты, себебі тек ол ғана құжаттары Президенттің алдына апара алады. Президенттің столына түсетін әр қағаз Қасымбековтың тексерісінен өтеді. Оған деген Президенттің сенімі, және Қасымбеков мырзаның қызметіне адалдығы, тиянақтылығы, билік пен қоғам арасындағы беделі көп нәрсені аңғартады.

Сегізінші орында Кәрім Мәсімов. Мәсімов өзі айтатындай «Президенттің мәңгі көмекшісі» болуға тырысып бағуды. Оның қазіргі ықпалдылығы негізінен көбіне ҰҚК-нің басшысы қызметімен атқаруымен байланысты.

Абаев

Тоғызыншы орында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. Біздің рейтингтік өлшемімізде Дәурен Әскербекұлы ең жас саяси басқарушы. Абаевтың отандық БАҚ салсын жетілдіруге бағытталған қадамдары, отандық БАҚ-ың жаңа денгейге шығаруға арналған қызметі және Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді көздейтін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы оның жүйелі түрде әрі ықпалды саяси қайраткерге айналғаның көрсетеді.

 Оныншы орында ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов. Мемлекеттік саяси басқарушылар ішінде елшіні қосуға қандай себеп болды деген сауал туындайтыны орынды. Бірақ, мәселе елшілік қызметтен бұрын ол қызметті атқарып отырған тұлғада. Саяси тұлғада және қай мемлекеттегі елшілік қызметін атқаруында. Иманғали Нұрғалиұлының қазіргі қызметі Ресейдің басшылығымен жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, Ресейдің Қазақстанның ішкі саясатына аралсып кету факторына тосқауыл болу. Қазақстанда қарқынды түрде жүзеге асып жатқан «рухани жаңғыру» идеясына Ресейдің ішінде жүріп қорғау линиясын сақтау.

  

1.    Әділбек Жақсыбеков

2.    Марат Тәжин

3.    Бақытжан Сағынтаев

4.    Қасым-Жомарт Тоқаев

5.    Нұрлан Нығматулин

6.    Асқар Мамин

7.    Кәрім Мәсімов

8.    Махмұд Қасымбеков

9.    Дәурен Абаев

10.  Иманғали Тасмағамбетов

11.  Қайрат Мәми

12.  Владимир Жұмақанов

13.  Абай Бисембаев

14.  Талғат Донақов

15.  Қайрат Қожамжаров

16.  Гүлшара Абдықалықова

17.  Ондасын Оразалин

18.  Нұрлан Онжанов

19.  Әлихан Смаилов

20.  Қалмұхамбет Қасымов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АТЫ-ЖӨНІ

ҚЫЗМЕТІ

ЫҚПАЛДЫЛЫҒЫ

НӘТИЖЕЛІГІ

Әлеуметтік желілердегі

бағасы

 

1

Әділбек Жақсыбеков

Президент Әкімшілігінің басшысы

25

24

20

2

Марат Тәжин

Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

24

24

23

3

Бақытжан Сағынтаев

 

Премьер-Министр

23

22

19

4

Қасым-Жомарт Тоқаев

Парламент Сенатының Төрағасы

22

19

18

5

Нұрлан Нығматулин

Мәжіліс төрағасы

22

18

17

6

Асқар Мамин

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары

22

18

16

7

Кәрім Мәсімов

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

22

17

13

8

Махмұд Қасымбеков

Президент Кеңсесінің басшысы

21

18

16

9

Дәурен Абаев

Ақпарат және коммуникация министрі

20

21

19

10

Иманғали Тасмағамбетов

 

ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

19

17

18

11

Қайрат Мәми

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

18

17

16

 

 

 

12

Владимир Жұмақанов

 

Президент көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

18

17

15

13

Абай Бисембаев

ҚР Президенті Іс басқарушысы

17

16

15

14

Талғат Донақов

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

17

16

14

15

Қайрат Қожамжаров

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

16

16

14

16

Гүлшара Әбдіқалықова

Мемлекеттік хатшы

14

14

12

17

Оңдасын Оразалин

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

13

13

9

18

Онжанов Нұрлан

Президент

көмекшісі

13

13

11

19

Әлихан Смаилов

 

Президент

көмекшісі

12

12

10

20

Қалмұхамбет Қасымов

Ішкі істер министрі

16

12

9

Связанные Статьи