Алматыда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді

/uploads/thumbnail/20170922090658774_small.jpg

Қыркүйектің 23, 24 күндері Алматы қаласында қолөнершілер және суретшілердің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қолөнер жәрмеңкесі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін  Ғ. Мүсрепов атындағы  Қазақ балалар және жасөспірімдер театрының алаңында жұмыс істейді. Жәрмеңкеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келетін қолөнершілер қатысады.

Онда  этностильде киімдер, аяқ киім және әшекейлер, киізден жасалған панно және қолдан жасалған кәдесыйлар, қазақи кәдесыйлар, ағаштан және керамикадан жасалған  ыдыс-аяқтар, қазіргі заманға сай күміс және бисерден жасалған әшекейлер, қолдан жасалған керемет сөмкелер мен ойыншықтар, қазақстандық агатпен жаслаған әшекейлер мен табиғи тастардан жасалған кәдесыйлар, бас киімдер, шарфтар, киізден жасалған аяқ киімдер мен көптеген заттар таба аласыздар.

Сенбі және жексенбі күндері жәрмеңкеде "Шеберлік сыныптары шатыры" жұмыс істетйтін болады.

23 қыркүйекте сағат 12.00-ден 15.00ге дейін Сева Демидов мастер-шоу өткізеді. Көрермендерге ескі қолданылмайтын тиындардан көркем бұйымды қалай жасауға болатыны көрсетіледі. Суретшілер  түймелер, сақиналар жасайды.

24 қыркүйек сағат 12. 00-ден 15.00-ге дейін шеберлік сыныпқа қатысушылар ұста Нурия Ахметованың басшылығымен өз телефондарына қаптама жасауды үйрене алады. 

Оның бағасы - 500 тенге.

   23 қыркүйекте Болат Сарыбаев атындағы «Сарыарка» шеберханасының музыканттарының орындауында қазақ халық музыкасының қойылымы болады.

24 қыркүйекте сағат 14.00ден 17.00-ге дейін"RASAETHNO" тобының музыкасы ойнатылады.Топ этностильде  жұмыс жасайды. Аталмыш топ Австралии, Жапония, Солтүстік Америка, Еуропа, Орталық Азия, Үндістан және Батыс Африка  халықтарының музыкалық әуендерін бірлестірген. 

"Ай шебері " шатырында әшекейлер ұстасы Рафаэль Узеевпен таныса аласыздар. Ол кісіден өздеріңізге 925 сынамалы күмістен және табиғи тастардан жасалған сырға және сақиналар таңдап ала аласыздар немесе жеке тапсырыс жасай аласыздар.

 

 

Связанные Статьи