Әлемдегі ең семіз әйел көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170925153719470_small.png

Абу-Дабиде әлемдегі ең семіз әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Эман Ахмед Аб Эль Ати бүйрек пен ішек қуысына зақым келгендіктен көз жұмған.

Әлемдегі ең семіз әйел саналған египеттік Эман Ахмад Аб Эль Ати Біріккен Араб Әмірліктерінде көз жұмды. Бұл жайында жергілікті басылымдар ақпарат таратқан.

«Ол дүйсенбі күні, 25 қыркүйекте БАӘ бойынша таңғы сағат 4:35 шамасында бүйрек пен ішек қуысына зақым келгендіктен», - делінген хабарламада.

Айта кетер болсақ, ақпан айында египеттік әйелді Үндістан ауруханасына семіздіктен арылу үшін жатқызған болатын. Ол кезде Эман Ахмедтің салмағы 495 келі болған. Алдымен оған ота жасап, нәтижесінде 200 келіден арылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи