«Qazaqstan» Ұлттық арнасында жаңа халықаралық мегажоба

/uploads/thumbnail/20170925155157624_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 30 қыркүйектен бастап эфирге шығатын «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық сайысты шоуға арналған баспасөз конференция өткізілді. Аталған шараға «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы – Ерлан Қарин және «Adam Media Plus» компаниясының бас продюсері Динара Адам қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

         Ұлттық арнада жаңа маусым аясында Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан,  Башқұрстан сияқты елдердің жарқын жұлдыздары бір сахнада бақ сынасатын ауқымды халықаралық өнер додасы басталады. «Жібек Жолы Жұлдызы» Қазақстанда бұрын соңды болмаған халықаралық мегасайыс.

          Жоба заманауи музыкалық контенттің алуан түрлілігі мен ауқымның кеңдігімен ғана ерекшеленбейді. Алдымен ол қатысушы елдердің ерекше дәстүрлері мен мәдениеттерінің байланысуы арқылы бүкіл түркі тілді әлемге ортақ медиа-инфрақұрылымының дамуына септігін тигізеді. Себебі, «Жібек Жолы Жұлдызы» мегажобасының басты мақсаты Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің қарым-қатынасын біріктіру, жаңа музыкалық дәстүрді орнату.

          «Жібек Жолы Жұлдызы» Ұлттық арнада бірнеше ай бойына аптасына бір рет көрсетілетін болады. 12 концерттен тұратын мегадоданың ақтық сайысында тек талантты әнші ғана емес, оны ұсынған ел де финал жеңімпазы болып саналады.

          Телевизиялық шоу жобаға қатысушы елдердің рейтингі жоғары телеарналарында да көрсетіледі.

          «Жібек Жолы Жұлдызы» сайыстық шоудың қазылар алқасының құрамына қатысушы елдердің халықаралық деңгейдегі ең танымал кәсіби әртістері мен продюсерлері кіретін болады.

          Финал, 12-ші концертте - жоба сайыскерлері және шақырылған жұлдыздардың қатысуымен «Qazaqstan» телеарнасының көрерменіне арналған үлкен гала-концерт ретінде ұйымдастырылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи