Атамбаев: Алдағы сайлаудың Қырғызстан үшін тарихи маңызы зор

/uploads/thumbnail/20170925155357166_small.jpg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев алдағы өтпек президенттік сайлаудың Қырғызстан үшін тарихи маңызы зор екенін, сондай-ақ мемлекеттің тұрақтылығын нығайтып, одан әрі сақтап қалуға септігін тигізетін үлкен қадам екенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, таза әрі әділ сайлау өткізу аса маңызды, себебі ел арасында сайлау нәтижелеріне қатысты еш күмән болмау керек. Бұл туралы ел басшысы вице-премьер-министр Темір Жұмақадыров және Орталық атқару комитетінің төрағасы Нұржан Шайлдабекованы қабылдағанда айтқан, деп хабарлайды президент аппараты.

Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Алмазбек Атамбаевтың өкілеттелік мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 қыркүйекте Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен Алматыда кездескен.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланған.

Елбасы Қырғызстанның президенттерімен жақсы қарым-қатынаста болғандығын, қырғыз халқы сенім білдіріп, жаңадан сайлайтын президентпен де тиімді іс-қимыл қалыптастыратынын мәлім еткен.  

Өз кезегінде Қырғызстан билігі Назарбаевтың Өмірбек Бабановпен кездескеніне наразы екендігін білдірді. Қырғыз тарапы аталмыш кездесуді Қазақстанның Қырғызстанда өтпек президенттік сайлауына қандай да бір әсер қалдыру қадамына балап, елдің ішкі саясатына араласу деп санады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи