Кейбір қылмыскерге түрме де сабақ болмайды

/uploads/thumbnail/20170925194947346_small.jpg

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов: «қылмыскерлер бас бостандығы жазасын алса да түзелмеуі мүмкін» - деді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр Қалмұханбет Қасымов: «Құрметті депутаттар, біздің ұзақ жылғы тәжірибеміз қылмыскерлерді қамауда ұстаудың тиімсіз екендігін көрсетті. Оларды қамауда ұстау тәжірибе жүзінде мүлдем нәтиже бермейді деуге болады. Оның айғағы сол жазаланған азматтардың бір қылмысты қайтадан қайталауы. Оның үстіне, жазалау колонияларында отырған қылмыскерлерге кеткен қаражат мемлекет бюджетіне үлкен салмақ болып отыр. Осы тұрғыда дамыған еуропалық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа қылмыстық заңдар мен түзету кодекстерін енгізу керек. «Қайта қарау» заңнамасы мен басқа да құқықтық-заңнамалық актілерді өзгерту міндеттелуі тиіс» -деді.

Бұл жөнінде министр Мәжіліс депутаттарына 2017-2019 жылдық түзету мерзімінде жүрген азаматтардың әлеуметтік реабилитациялау коплексті жобасын жүзеге асыру турасындағы үкіметтік сағатта айтты.

Ішкі істер министрлігінің айтуынша, соңғы жылдары түрмеде отырған азаматтардың саны айтарлықтай төмендеген, мәселен, 2011 жылы түрмедегі қылмыскерлер саны 57 мың болса, 2017 жылы 35,5 мыңға қысқарған.  

Бұдан 15 жыл бұрын қамалған қылмыскерлер саны жөнінде әлемдік көрсеткіште  Қазақстан АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында болса, қазіргі уақытта 68 орында тұр. «Егер болашақта қылмыстық кодексте өзгертулер енгізілсе бұл көрсеткіш одан төмен болуы тиіс» - деді министр.

Қалмұханбет Қасымовтың пікірінше, алдағы уақытта түрмеге қамалғандардың саны азайып, полиция бақылауында болатындардың саны артады.

Бұл елімізде пробация қызметі пайда болуына бірден бір себеп болып отырған мәселе. Қазіргі кезде, біздің заңнамамен пробацияның толық айналымы құрылған. Бұған дейін елімізде тек пробацияның екі моделі ғана болса: үкімдік және постпенитенциарлық, қазірде пробацияның екі қосымша түрі енгізілді: сотқа дейінгі және пенециарлық. «Бұл пробациялық жүйе барлық криминалдық қауіпті жағдайлардың алуға септігін тигізеді» - деп сөзін аяқтады министр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи