Республика территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс және орталықта атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс-Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облаыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүру қауіпі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары, және Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Оставить комментарий