АҚШ өз әскерінің ДАИШ территориясында не мақсатпен жүргенін айтпай отыр

/uploads/thumbnail/20170926101254536_small.jpg

Ресей Қорғаныс министрлігі   АҚШ әскерилерінің Сирияда жүргенін дәлелдейтін  аэрофотосъемка жасаған. Фотосуреттерден АҚШ әскерилерінің «ДАИШ мемлекеті» орналасқан  аумақта жүргендігі анық көрінген. Алайда, осы мәселеге байланысты АҚШ ешқандай пікір білдірмеді. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәскеу өз кезегінде Вашингтонның Сириядағы әрекеттері терроризмге қарсы күрес жүргізу мақсатымен емес, басқа себептермен жасалып жатқанын айтып отыр.

АҚШ әскерінің Сирияда қандай мақсатпен орналасқанын тек бұл елдегі террористердің көзін жойған соң ғана белгілі болады дейді Ресей СІМ басшысы  Сергей Лавров.

Жақында Ресейдің Қорғаныс министрлігі ДАИШ мемлекеті орналасқан аудандарды суретке түсіріп жариялаған болатын. Суреттер ведомствоның Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған.

Фотосуреттерден АҚШ әскерінің техникалық құралдарымен бірге ДАИШ мемлекеті территориясында өте еркін, ешқандай қауіп-қатерсіз қозғалып жүргені анық байқалған. Осы орайда, АҚШ-тың ДАИШ террористерін жоюға бағытталған мақсаты шын мәнінде шындыққа жанаспайтынын байқауға болады дейді ресейлік СІМ.

АҚШ өз тарапынан Ресейдің дәлел мен дәйектеріне, сұрақтарына жауап бермей отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи