ЭКСПО кезінде «Аstana Taxi» 80 мың тапсырыс қабылдады

/uploads/thumbnail/20170926145636929_small.jpg
 

«Аstana Taxi» бірыңғай қызметінің колл-орталығы ЭКСПО көрмесі өткен үш айда 80 599 тапсырысқа қызмет көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Елордада барлығы 14 автопарк тіркелген. Оның сегізі Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясына кіреді», - деді  Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Хандхожин.

Айта кетейік, бірыңғай такси қызметі ЭКСПО көрмесіне дайындық барысында құрылған болатын. Аталмыш ресми такси қызметінің ерекшелігі Bus Lane белгіленген арнайы жолағымен жүре алады. Бұл автокөліктің жылдамдығына әсер етіп, жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи