Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған, ирактық Күрдістан дүйсенбіде өткен референдумнан кейін тәуелсіздік жарияласа, халықты аштық күтіп тұрғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Эрдоған Ирак көшбасшысы Масуд Барзанидің халықаралық қауымдастықтардың қарсылығына қарамастан сайлауды өткізгенін опасыздыққа балады.
Түркия билігі ирактық Күрдістанның тәуелсіздікті жариялауы Түркиядағы күрдтерге де әсер етуінен қорқады.
25 қыркүйекте өткен сайлаудың нәтижесі әлі жарияланбады. Алайда алдын ала болжам бойынша көбі Күрдістанның тәуелсіз ел болуына дауыс берген.
Ирактың премьер-министрі Хайдер Абади референдумды заңсыз деп атады.