Жан және Дана есімді көріпкелдер көз жұмған адамдардың әруағымен сөйлеседі

/uploads/thumbnail/20170927093824989_small.jpg

23 қыркүйекте ТНТ арнасында «Көріпкелдер сайысының» 18-ші шығарылымы көрерменге жол тартты. Ол бағдарламаға қатысушылардың арасында алматылық Жан және Дана есімді аға мен қарындас бауырлар бар, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «СтарХит» сайты қатысушылардың автобиографиясына тоқтала кетіп, қысқаша мәлімет береді.

Мәліметтерге сәйкес, Жан көз жұмған адамдардың әруақтарымен байланысқа түсе алса, Дана әлі дүние есігін ашпаған сәбилермен өзара түсінісіп, сөйлесе алады екен.

«Мен алты жасымда үнемі көршімнің үйінің маңынан өтіп бара жатып, оған ескертетінмін: «Саша аға, сіз жақында қайтыс боласыз», - деп. Ал ол маған: «Бәріміз де бір күні көз жұмамыз ғой» - деп жауап беретін. Алайда мен қоймай, үнемі қолымды оның жүрегінің тұсына сілтейтінмін. Шамамен, екі ай өткеннен соң Саша аға жүрек талмасынан көз жұмды», - дейді 35 жастағы көріпкел.

Жан он жасқа келгенде оның ағасы қайтыс болған. Жерлеу рәсімі кезінде ол бейіт басын аралап жүріп бір адамның бейітіне құлап түскен. «Селдің салдарынан қабір бұзылып қалған екен. Қанша уақыт есімді жимай жатып қалғанымды білмеймін, бірақ ол жерден тұруыма маған екі адам көмектесті. Кейіннен ол екі адам әруақтар екенін түсіндім», - деп еске алады Жан Әлібеков.

Ал оның қарындасы Дана Әлібекова өзінің қабілеттерін есейе келе білген.

«Мен гинеколог болып істеймін. Бұл мамандықты анамның құрбысына қызығып таңдадым, ол кісі де әйелдерді емдейтін дәрігер. Дәл сол Татьяна менің анам маған аяғы ауыр кезінде баланы алдырып тастамай, босануға көндірген. Маған емделуге келген әйелдерді тексеру кезінде біртүрлі жайды сезіндім: кенеттен, кішкентай баланың дауысын естіп, олардың болашағын көре бастадым», - дейді көріпкел.

Айта кетер болсақ, «Көріпкелдер сайысының» жаңа кезеңі басталмас бұрын желіде бұл бағдарламада шын мәнінде қандай жағдайлар болып жатқандығы жайлы мақала шыққан болатын.

Бағдарламада жеңіске жеткен қатысушыға миллион рубль табысталады.

Связанные Статьи