IRONMAN 70.3 жарысы ТМД елдерінің арасында алғаш рет Қазақстанда өтеді

/uploads/thumbnail/20170929085850630_small.jpg

2018 жылдың 17 маусымында Астанада бірегей IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы 30 шілдеде ҚР триатлон бойынша Чемпионаттың ашылуында Қазақстанның Триатлон Федреациясының президенті Кәрім Мәсімов айтқан болатын. Ең қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің тізіміне енген триатлон – осы жылдың ішінде ел бойынша жүздеген жанкүйерлердің жүректерін баурап алды.

«Темір спорт» әуесқойларының ішінде саясаткерлер мен кәсіпкерлер бар.

IRONMAN 70.3 ASTANA-ны ұйымдастыру Қазақ Географиялық Қоғамының идеясы.

«Соңғы кезде Қазақстанда спорттың жас түрі –триатлон қарқынды таралып жатқандықтан, біз де шетте қалмайық деп шештік. Біз триатлоннан «IRONMAN 70.3» жарыстарын Астанада өткізу үшін ресми келісімшартқа қол қойдық. 2018 жылдың жазында, астанамыздың 20-жылдығын атап өткенде IRONMAN 70.3 ASTANA ұйымдастырылсын деген ойды ұсынған болатынбыз.  Қазақстанның Триатлон Федреациясының Президенті Кәрім Мәсімовтың демеуімен бұл іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз»,- деді Қазақ Географиялық Қоғамы ҚБ Президенті.

Ironman —  ұзақ қашықтыққа жүретін триатлон жарыстарының сериясы, Дүниежүзілік триатлон корпорациясымен (WTC) өткізіледі. Серияның әрбір бөлек жарысы үздіксіз келесі ретте: жүзу - 3,86 км, вело - 180,25 км және жүгіру - 42,195 км секілді үш кезеңнен тұрады. Әлемде Триатлон Ironman бір күнде өткізілетін жарыстардың ішінде ең күрделісі болып саналады.

IRONMAN  қашықтығын жүріп өткен спортшыны  «Темір адам» деп атайды.

2018 жылы Астанада өтетін Ironman 70.3 жарысының сериясы -  бұл Ironman-ның жартысын құрайтын қысқалау: 1.9 км - жүзу, 90 км  -веложарыс пен 21.1 км -жүгіру қашықтығында болады.

Бүгінгі күні, осы қашықтық триатлонда кеңінен танымал болып жүр.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

Триатлонды кеңінен тарату, салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанды әлемдік спорт аренасында ілгері жылжыту, туристерді келтіру.

 

Связанные Статьи