АҚШ-та оқыс жағдай орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп. Детройт қаласының маңында бүлдіршін оқ атып, екі баланы жарақаттады. Екі бүлдіршіннің де жасы үште. Дәрігерлер кішкентай науқастардың жағдайының ауыр екенін айтады.
Атыс болған бөлмеде тағы бірнеше бала және оларға қарап отырған бір әйел болыпты. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Бүлдіршіннің қолына қарудың қайдан және қалай түскені әзірге белгісіз.