Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік КХДР сынаған бомбаның сутекті болғанын анықтай алмай отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы агенттік басшысы Юкия Амано журналистерге берген сұхбатында айтты.
«Бізде бомбаның сутекті болғанын анықтауға мүмкіндік жоқ. Десек те оның алдындағылармен салыстырғанда ауқымдырақ болғаны анық. Бұл Солтүстік Кореяның ілгерлеуін білдіреді. Басқаларымен салыстырғанда бұл әлемге төнген қауіп» деді Юкия Амано.
Осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан КХДР-ге жаңа санкция салу туралы шешім қабылдады. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарихындағы ең қатал санкция болды.