Аңыз шындыққа айналды: егеуқұйрықтың жаңа, төрт есе үлкен түрі табылды

/uploads/thumbnail/20170929162743325_small.jpg

Тынық мұхитындағы Соломон аралдарында егеуқұйрықтың жаңа, төрт есе үлкен түрі табылды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа егеуқұйрық мүжіген жаңғақтар

Бұл тіршілік иесінің ұзындығы шамамен жарты метрге жетіп қалады және ол ағаштар арасына тығылып, орман жаңғақтарымен қоректенеді.

Соломон аралдары егеуқұйрықтардың тағы да сегіз түрінің тұрақтайтын жері. Дегенмен, олардың жаңа түрі 80 жылда бірінші рет табылғаны жаңалық болып отыр. Бір қызығы, «Uromys vika» деп аталған  егеуқұйрықтың жаңа түрі арал тұрғындарының фольклорында айтылған екен.

Связанные Статьи