«Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталды

/uploads/thumbnail/20171002090134131_small.jpg

«Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жобада Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің танымал әншілері өз өнерін көрсетпек.

Сондай-ақ, әр елдің қатысушылары  өз халқының мәдениеті мен дәстүрін қалың көрерменге таныстырады. Халықаралық жоба әндердің алуан түрлілігімен ғана емес, түркі тілді халықтарының музыка әлемінде бірлесіп дамуына өз үлесін қосады. «Жібек Жолы Жұлдызы» Ұлттық арна эфирінде бірнеше ай бойы, сенбі күндері және қатысушы елдердің телеарналарында да көрсетіледі деп жоспарланып отыр 

Жобаны сағат 21:15-те «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көре аласыздар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи